
«Мемлекеттік қарыздар тарту есебінен іске асырылатын институционалдық жобаларды жоспарлау және іске асыру қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығының жобасына
ПРЕСС-РЕЛИЗ
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару, екінші деңгейдегі банктердің кепілдік саясатын, бағалау қызметін реттеуді және атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 31 желтоқсандағы № 100-VII ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңының 2-тармақтың 27), 63), 88), 89)-тармақшаларын іске асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 61-бабына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 25-бабының 5-тармағына сәйкес келтіру мақсатында «Мемлекеттік қарыздар тарту есебінен іске асырылатын институционалдық жобаларды жоспарлау және іске асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығының жобасы әзірленген.
Осы бұйрықтың жобасы 2022 жылғы 19 ақпанда http://legalacts.egov.kz ашық нормативтік құқықтық актілерінің интернет-порталында орналастырылған.
Жария талқылауды өткізу мерзімі – 2022 жылғы 22 ақпанға дейін.