
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару, екінші деңгейдегі банктердің кепілдік саясатын, бағалау қызметін реттеуді және атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылдың 31 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру үшін «Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң кейбiр бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» қағидаларға өзгерістер енгізілуіне сәйкес бұйрық жобасы әзірленді:
- Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын жасау;
- Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну;
- Бюджеттік жоспарлау және бюджеттерді атқару сатыларында азаматтық бюджетті жасау мен ұсыну;
- Қазақстан Республикасының жаңа мемлекеттік жоспарлау Жүйесіне сәйкес келтірілген бөлігінде,.бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің шығыстарының лимиттерін айқындау,
«Құқықтық актілер туралы» ҚРЗ 25-бабының 5-тармағына сәйкес заңнамалық актілерге сілтеме жасау кезінде тіркелген нөмірлерді, сондай-ақ оларды қабылдау күндерін көрсету талап етілмейді.
Осыған байланысты кіріспе заңнама талаптарына сәйкес келтірілген.
Осыған байланысты, «Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң кейбiр бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрі бұйрығының жобасы әзірленді.
Осы Жоба http://legalacts.egov.kz ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына 2022 жылғы 25 қаңтарда орналастырылды.
Жобаны жария талқылауды өткізу мерзімі-2022 жылдың 8 ақпанына дейін.