«Республикалық бюджет комиссиясы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 15 қаңтардағы № 10 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасына БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

«Республикалық бюджет комиссиясы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 15 қаңтардағы № 10 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасына БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

«Республикалық бюджет комиссиясы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 15 қаңтардағы № 10 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасына

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

 

«Республикалық бюджет комиссиясы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 15 қаңтардағы № 10 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасы
(бұдан әрі – Жоба) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару, екінші деңгейдегі банктердің кепілдік саясатын, бағалау қызметін реттеуді және атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы
31 желтоқсандағы № 100-VII ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында әзірленген.

Заңның 1–бабының 2-тармағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (бұдан әрі-ҚР БК) өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді:

- мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын мемлекеттік органдардың даму жоспарларына ауыстырылды (ҚР БК 58-бабы);

- заттай нормаларды бекіту, өзгерту және (немесе) толықтыру туралы мемлекеттік органдардың ұсыныстары (ҚР БК 69-бабы);

республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне берілетін бюджеттік субвенцияларды өңірлердің шығыстары бағыттарының бөлінісінде бөлу бойынша қосымшамен республикалық бюджет туралы Заңын іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысын толықтыру (ҚР БК 79-бабы).

Осыған байланысты, ҚР БК нормаларына сәйкес келтіру мақсатында Жобада республикалық бюджет комиссиясы туралы Ережеге өзгерістер енгізу көзделеді:

4-тармақтың 2) және 3) тармақшаларындағы және 12-тармақтағы «мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары» деген сөздер «мемлекеттік органдардың даму жоспарлары» деген сөздермен ауыстырылды;

5-тармақтың 2) тармақшасындағы заттай нормаларды бекіту немесе өзгерту туралы орталық мемлекеттік органдардың ұсыныстары заттай нормаларды толықтыру жөніндегі ұсыныстармен толықтырылды, «мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары» деген сөздер «мемлекеттік органдардың даму жоспарлары» деген сөздермен ауыстырылды, республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне берілетін бюджеттік субвенцияларды өңірлердің шығыстары бағыттарының бөлінісінде бөлу туралы ұсыныстарды қарау және әзірлеу бойынша функциясымен толықтырылды.

Бұдан басқа, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 5-тармағына сәйкес келтіру мақсатында Қаулы жобасы қаулының мәтіні бойынша заңнамалық актінің күнін алып тастауды көздейді.

Қаулының жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында (http://legalacts.egov.kz) 2022 жылғы 31 қаңтарда орналастырылды.

Қаулы жобасын жария талқылауды өткізу мерзімі – 2022 жылдың
14 ақпанына дейін.

 

https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=13978352