
2022 жылғы 9 ақпанда сағат 12:30-да ҚР Президенті жанындағы "Орталық коммуникациялар қызметінің" алаңында "Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң жобасы" тақырыбына арналған баспасөз конференциясы өтеді.
🎤 Спикер: ҚР бірінші вице-министрі Сұлтанғазиев Марат Елеусізұлы.
❗️ Пресс-шара тікелей эфирде өтеді. Спикерге Орталық коммуникациялар қызметінің Facebook және YouTube-каналдарында сұрақ қоюға болады.
🌐 Трансляция арналарына сілтемелер:
✅ https://www.facebook.com/ortcomkz
✅ https://www.youtube.com/user/ortcomkz
✅ Хабар 24
Естеріңізге сала кетейік, Қаржы министрлігі «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заң жобасы тұжырымдамасының жобасына, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)» Қазақстан Республикасының Кодексіне Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жобасы тұжырымдамасының жобасына, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы тұжырымдамасының жобасы, «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы мәселелері бойынша «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының жобасына тұжырымдама жобалары әзірлеген болатын.
Бұл Жобалар http://legalacts.egov.kz ашық нормативтік-құқықтық актілердің интернет-порталына орналастырылған.
Жобаны бұқарамен талқылау 2022 жылдың 23 ақпанына дейін жалғасады.