«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестікті дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 41-бабына мемлекеттік тапсырма мәселелері бөлігінде түзетулер енгізілді.
Сондай-ақ, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару, екінші деңгейдегі банктердің кепілдік саясатын жетілдіру, бағалау қызметін және атқарушылық іс жүргізуді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 75-бабына түзету енгізілді, оған сәйкес «стратегиялық жоспарлар» деген сөздер «мемлекеттік органдардың даму жоспарлары» деген сөздермен ауыстырылды.
Осыған байланысты, «Мемлекеттік тапсырманы әзірлеу және орындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 236 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрі бұйрығының жобасы әзірленді.
Осы Жоба http://legalacts.egov.kz ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына 2022 жылғы 17 қаңтарда орналастырылды.
Жобаны жария талқылауды өткізу мерзімі – 2022 жылғы 31 қаңтарға дейін.