«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару, екінші деңгейдегі банктердің кепілдік саясатын, бағалау қызметін реттеуді және атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 31 желтоқсандағы Заңымен бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті ұсыну мерзімін бюджеттік өтініммен үйлестіру бөлігінде Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 61-1-бабы 2-тармағының бірінші бөлігіне өзгеріс енгізілді.
Осыған байланысты, Бюджет кодексінің 61-1-бабының 2-тармағын іске асыру мақсатында, сондай-ақ жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілігін ұсыну мерзімін нақтылау мақсатында республикалық бюджет деңгейіне ұсыну мерзіміне ұқсас «Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 27 мамырдағы № 492 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрі бұйрығының жобасы әзірленді.
Осы Жоба http://legalacts.egov.kz ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына 2022 жылғы 6 қаңтарда орналастырылды.
Жобаны жария талқылауды өткізу мерзімі – 2021 жылғы 21 қаңтарға дейін.