«Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрі бұйрығының жобасына БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрі бұйрығының жобасына  БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Жоба «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару, екінші деңгейдегі банктердің кепілдік саясатын, бағалау қызметін реттеуді және атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру үшін әзірленді.

Жобада аумақтарды дамыту бағдарламаларынан облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарына көшу бөлігінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 31 қазандағы № 470 және «Нысаналы даму трансферттерін қарау және іріктеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 126  бұйрықтарына  түзетулер енгізу қарастырылған.

Бұйрық жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына 2022 жылы 20 қаңтарда орналастырылған (http://legalacts.egov.kz).

Бұйрық жобасын жария талқылауды өткізу мерзімі 2022 жылғы 4 ақпанға дейін.