«Бюджеттік мониторинг жүргізу нұсқаулығы бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 30 қарашадағы № 629 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығының жобасына Баспасөз релизі

«Бюджеттік мониторинг жүргізу нұсқаулығы бекіту туралы»  Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы  30 қарашадағы № 629 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы»   Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің  бұйрығының жобасына  Баспасөз релизі

Қаржы министрлігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару, екінші деңгейдегі банктердің кепілдік саясатын жетілдіру, бағалау қызметін және атқарушылық іс жүргізуді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 31 желтоқсандағы Заңымен енгізілген түзетулерді іске асыру үшін «Бюджеттік мониторинг жүргізу нұсқаулығы бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 30 қарашадағы № 629 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығының жобасын (бұдан әрі – Жоба) әзірледі.

Жобада Бюджеттік мониторинг жүргізу нұсқаулығына Қазақстан Республикасының Жаңа мемлекеттік жоспарлау жүйесіне сәйкес келтіру, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервтің бөлінбеген қалдығының бюджет қаражатының игерілмеу сомасына қосу бөлігінде түзетулер енгiзу көзделеді.

Бұл Жоба http://legalacts.egov.kz ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына 2022 жылғы 17 қаңтарда орналастырылған.

Жобаны жария талқылауды өткізу мерзімі – 2022 жылғы 31 қаңтарға дейін.