
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Сұлтанғазиев Марат Елеусізұлы Қазақстан Республикасының бірінші қаржы вице-министрі лауазымына тағайындалды
Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің, Қазақ мемлекеттік заң академиясының және Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің түлегі.
Еңбек жолын 1997 жылы Салық бөлімінің заңды тұлғаларды тексеру бөлімінің І санатты маманы болып бастап, салық инспекторы, аға салық инспекторы болып жұмыс істеген.
Әр жылдары ҚР Қаржы министрлігінде, ҚР Президенті Әкімшілігінде басшылық қызметтер атқарды.
2021 жылдың мамыр айынан бастап ҚР қаржы вице-министрі лауазымын атқарды.
«Құрмет» Ордені мемлекеттік наградасымен марапатталған.