
Қаржы министрлігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару, екінші деңгейдегі банктердің кепілдік саясатын жетілдіру, бағалау қызметін және атқарушылық іс жүргізуді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 31 желтоқсандағы Заңымен енгізілген Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 19 және 20-баптарына түзетулерді іске асыру үшін «Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі №325 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасын (бұдан әрі - Жоба) әзірледі.
Жоба Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларына кезекті қаржы жылында қолма-қол ақша тапшылығы болжанған жағдайда қарыз алу мерзімдерін қаржы жылы шегінде үш жылдан алты айға дейін қысқарту бөлігінде өзгерістер енгізу көздейді.
Бұл Жоба ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына http://legalacts.egov.kz 2021 жылғы 31 желтоқсанда орналастырылған.
Жобаны жария талқылауды өткізу мерзімі – 2022 жылғы 14 қантарда дейін.