
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасымен (бұдан әрі – Жоба) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ережеге оны өзектілендіру мақсатында өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделеді.
Жоба Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысымен бекітілген мемлекеттік орган туралы үлгілік ережеге сәйкес келтіру, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен тоықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу, жер қойнауын пайдаланушылар мен табиғи монополиялар субъектілерінің сатып алуы, байланыс, автомобиль көлігі, қорғаныс және ғылымды қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында әзірленді.
Жобаны іске асыру республикалық бюджеттен қаржы қаражатын бөлуді талап етпейді.
Жобада қаралатын мәселелер бойынша Үкіметтің бұрын қабылданған актілері:
Енгізілген өзгерістерімен және (немесе) толықтыруларымен «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысы.
Жоба қабылданған жағдайда, оны заңнамаға сәйкес келтіру талап етілмейді.
Жобаны және оның материалдарын Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы беру рұқсат етіледі.
Жоба 2021 жылғы 28 желтоқсанда мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында (www.beta.gov.kz) және ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=13886308) (мемлекеттік және орыс тілдеріндегі) орналастырылған. Қаулы жобасын жария талқылауды жүргізу мерзімі 2021 жылғы 11 қантарға дейін.
Жоба Қазақстан Республикасымен ратификацияланған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы мүше болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешіміне сәйкес келеді.