
2021 жылғы 14 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық - құқықтық жүйесінде 2 бұйрыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін «Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы
2 желтоқсандағы № 1261 бұйрығы жарияланды:
1) «Кәсіби бухгалтерлердің біліктілігін арттыру қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 25 маусымдағы № 290 бұйрығы біліктілікті арттыру жүйесін жетілдіру және оны үздік практикаға сәйкес келтіру мақсатында әзірленді. Осылайша, кәсіби қоғамдастықтың бастамасы бойынша кәсіби бухгалтерлердің біліктілігін 3 жыл ішінде 120 сағаттан арттыру талабы жылына кемінде 20 (жиырма) сағатқа ауыстырылды.
Сонымен бірге, кәсіби бухгалтерлердің біліктілігін арттырудан өту кезінде бухгалтерлердің кәсіби ұйымымен өзара іс-қимыл жасайтын ұйымдарға қосылуы алынып тасталды, бұл оларға кәсіби дағдыларын жетілдіру орнын таңдауға мүмкіндік береді.
2) «Кәсіби бухгалтерлерге кандидаттарды сертификаттауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 25 маусымдағы № 291 бұйрығы біліктілікті арттыру жүйесін жетілдіру және оны «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» ҚРЗ-да «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңымен енгізілген кәсіби бухгалтерлердің Әдеп кодексіне сәйкес келтіру мақсатында жүзеге асырылады.
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап кәсіби бухгалтерлікке кандидаттар үш пәннің орнына алты пән бойынша емтихан тапсырады:
Осылайша, кәсіби қоғамдастықтың бастамасы бойынша жоба емтихандарды онлайн режимінде тапсыру мүмкіндігін қарастырады.
Сондай-ақ, ашықтықты қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау үшін комиссия мүшелерінің де, уәкілетті орган өкілінің де іс-әрекеттерін нақтылау бойынша қосымша норма енгізілді.
Бұдан басқа, жоғарыда аталған бұйрықтар «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 5-тармағына сәйкес келтіру мақсатында бұйрықтың бүкіл мәтіні бойынша заңнамалық актілердің күнін алып тастауды және редакциялық түзетулерді көздейді.