
2021 жылға арналған республикалық бюджетті түзету шеңберінде «Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрі бұйрығының жобасы әзірленді.
Жаңа бюджеттік кіші бағдарламаны ашу бөлігінде жергілікті бюджеттік бағдарлама бойынша республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің, жергілікті бюджеттік бағдарлама әкімшісінің ұсынысы бойынша шығыстардың функционалдық сыныптамасына толықтыру енгізілді.
Бұйрық жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына (http://legalacts.egov.kz) 2021 жылғы 13 желтоқсанда орналастырылған.
Бұйрық жобасын жария талқылауды өткізу мерзімі – 2021 жылғы 29 желтоқсанға дейін.