
Жыл сайын Мемлекет басшысы Жарлығымен Қазақстан Республикасының ерекше көзге түскен азаматтары мемлекеттік наградалармен марапатталады. Олардың арасында Қаржы министрлігі бойынша түрлі мемлекеттік наградалармен марапатталған әріптестеріміз де бар.
Марапат алғандар ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың 2 желтоқсандағы №700 Жарлығымен Мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін наградталады. Сонымен қатар, «Тәуелсіздіктің 30-жылдығы» мерекелік төсбелгілерімен марапатталды.
Құттықтау сөзінде Қаржы министрлігінің вице-министрі Марат Сұлтанғазиев: бүгінгі марапаттар - бұл Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі қызметкерлерінің ұйымшыл жұмысына берілген баға, деп барлық марапатталған қызметкерлерге денсаулық, сәттілік және кәсіби өсуді тіледі.