
Форум барысында келесі стратегиялық мақсаттар анықталды: бизнеспен кері байланыс орнату, қызмет көрсетудің қолжетімділігі, бизнес шығынын азайту, әкімшілік кедергілерді жою.
Сонымен қатар форум қатысушылары назарына салық төлеушілермен жұмыс істеудің жаңа инновациялық тәсілдері жөнінде бейне ролик ұсынылды.
Қаржы министрлігінің кәсіпкерлік үшін қолайлы жағдай тудыру, бизнеске жақын болу бастамасын қолдап «Атамекен» ҰКП басқару төрағасы Абылай Мырзахметов сөз сөйледі.
Қазақстандағы Дүниежүзілік банкінің тұрақты өкілі Ато Браун бизнеске қолайлы жағдай жасау, оларға қысым көрсетуді азайту және бюджетке салық түсімдерін арттыру бойынша МКК тиімді жұмысын атап өтті.
Мемлекеттік кірістер комитетінің үздік қызметкерлері «Мемлекеттік кірістер органдарының үздігі» төс белгісімен марапатталды.