ҚР Қаржы министрлігі «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын іске асыру қорытындыларының барысы туралы айтып өтті

ҚР Қаржы министрлігі «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын іске асыру қорытындыларының барысы туралы айтып өтті

«Индустриаландыру және экономикалық өсу» үшінші бағыты шеңберінде 2016 жылы мүлікті және ақшалай қаражатты жария ету рәсімін ойдағыдай аяқтадық (41-қадам). Жария етуді 140 мыңнан астам азамат пайдаланып үлгерді, ал экономикалық айналымға 5,7 трлн. теңге, оның ішінде ақшалай қаражатпен 4,1 трлн. теңге және 1,6 трлн. теңге қосылды» - деп Қаржы вице - министрі Руслан Бекетаев ҚР Үкіметінің отырысында хабарлап тті.

Оның сөзі бойынша жылжымайтын мүліктің жария етілген 151 мың объектісінен 9,5 мың объекті есепке коммерциялық жылжымайтын мүлік ретінде қойылған. Бұл шамамен жылына 800 млн. теңгеге мүлікке салынатын салық түсімін ұлғайтады.

Сонымен қатар Қаржы министрлігінің басшысы Қаржы министрлігімен қабылданған «Мемлекеттік сатып алу туралы» (2015 жылы) және оңалту және банкроттық мәселелері бойынша отандық бизнес өмірін әлдеқайда жеңілдететін заңдардың артықшылықтары жөнінде айтып өтті (56.4-қадам).

Руслан Бекетаев сонымен бірге Қаржы министрлігімен кедендік және салықтық әкімшілендіруді жетілдіру, сыртқы экономикалық қызметі қатысушылары үшін жағдай жасау бойынша жүргізіліп жатқан жұмысы туралы атап кетті.

Сонымен, жаңа Кеден кодексінде кедендік декларациялауды цифрландыруға көшіп (38-қадам) және экспорттық-импорттық операциялар бойынша «Бірыңғай терезе» қағидаты енгізілетін болады.

«Егер бүгінде құжаттарды ресімдеу шамамен 2 сағат уақыт алса, ал «АСТАНА-1» жүйесін енгізгенде тәуекелдер болмаған жағдайда кедендік декларациялау жасыл дәлізге түсе отырып, автоматты түрде шығарылатын болады» - деді ҚР Қаржы вице-министрі.

2017 жылғы 1 тамызда жүйеде 25 848 декларация өңделді.

«Бірыңғай терезе» экспорттық-импорттық операциялар бойынша жұмысты 2019 жылдың басынан бастап іске қосу жоспарланып отыр. Сыртқы экономикалық қызметке қатысушы тауарларды кедендік тазалау кезінде қолжетімділіктің бірыңғай нүктесі арқылы мемлекеттік органдардың барлық қажетті рұқсаттарын алады, яғни бизнесменге «Бірыңғай терезе» кеденге құжаттарды қағаз тасығышта беру қажеттілігі тумайтынын Руслан Бекетаев айтты.

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап (40-қадам) «постфакум» кедендік тазалау режимі енгізілетін болады, бұл сыртқы экономикалық қызметтің барлық қатысушыларына шекарадан өткеннен кейін бірден тауарларды пайдалануға мүмкіндік береді, ал кеден декларациясын тауарды енгізгеннен кейін 10 күннен 40 күнге дейін толтыруға болады.

Қаржы министрлігі ағымдағы жылдың 1 қазанынан бастап «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесі негізінде «Виртуалды қойма» модулін іске қосады (39-қадам). Бұл жағдайда тауарларды кіріске алмай тұрып қоймаға оны өткізу мүмкін болмайды, осылайша алаяқтық операцияларды жасау және жалған электрондық шот-фактуралардың үзінді көшірмесін алу тәуекелін алдын алады.

2020 жылдан бастап жалпыға бірдей декларациялауды енгізу жоспарлануда. Салық декларацияларын қабылдауды ұйымдастыру «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы арқылы қамтамасыз етілетін болады (43-қадам).