ҚР Қаржы министрлігінде Астана күнін атап өтті

ҚР Қаржы министрлігінде Астана күнін атап өтті

«Астана күні халық үшін маңызды тарихи-мәдени мәні бар және ол Қазақстан Республикасының жетістіктерінің нышаны болып табылады. Қазіргі заманның өзекті мәселелері бойынша ғаламдық үнқатысу орталығына айнала отырып, Астана халықаралық күн тәртібін қалыптастыруға қатысады, әлемдік қауымдастықтың тұрлаулы дамуын қамтамасыз етуге және қақтығысты ахуалдарды шешуге бағытталған маңызды саяси, экономикалық және гуманитарлық-бітімгершілік бастамаларды көтеруде» - деп Қаржы министрлігінің басшысы өзінің құттықтау сөзінде айтты.

Оның айтуы бойынша Астана күнін тойлаудың негізгі мақсаты елордамыздың ел Тәуелсіздігінің, Ұлттың рухани жаңғыруының маңызды нышаны және Қазақстанның табысты дамуының драйвері ретіндегі ерекше маңызын ілгерілету болып табылады.

«Мерекелік іс-шаралардың мазмұндық негізін Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының негізгі қағидаларымен байланыстыру қажет» – деп Бақыт Сұлтанов Қаржы министрлігінің қызметкерлеріне және олардың отбасыларына амандық, табыс және жаңа жетістіктер мен бақыт тіледі.