
«Деңгейлес мониторинг платформасын енгізу»
мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздер нәтижелері туралы мәліметтер
2020 жылғы 14 желтоқсанда «Organization of Horizontal Monitoring Limited» компаниясы (бұдан әрі – Компания) «Деңгейлес мониторинг платформасын енгізу» МЖӘ жобасына (бұдан әрі–МЖӘ жобасы) бастамашылық етті.
МЖӘ жобасының мақсаты – Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 131-бабы 1-тармағының қағидаттарын сақтай отырып, уәкілетті орган мен салық төлеуші арасында коммуникацияны, кеңейтілген ақпараттық өзара іс-қимылды және ақпарат пен құжаттар алмасуды қамтамасыз ету үшін АЖ (платформа) әзірлеу және цифрлық орта құру болып табылады.
Сипаттамасы.
Деңгейлес мониторинг платформасы – нақты уақыт режимінде Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – Комитет) мен ақпараттық өзара іс-қимыл процестерін автоматтандыруға, Комитет қызметкерлері үшін ыңғайлы интерфейсте салық және бухгалтерлік ақпаратты ашуға мүмкіндік беретін бағдарламалық қамтамасыз ету.
МЖӘ жобасының міндеттері:
- деректерді тексеру үшін еңбек шығындарын азайту;
- дауларды сотқа дейін және сотта реттеу тәуекелдерін қысқарту;
- тәуекелге бағдарланған тәсілді және алдын ала салықтық бақылауды енгізу;
- декларация жолдарынан транзакциялар мен бастапқы құжаттар деңгейіне дейін ақпаратты ашу;
- дәлелді пікір алу есебінен даулы және айқындалмаған салық позицияларын уәкілетті органмен алдын ала келісу;
- анықталмаған салық позицияларының санын азайту және өсімпұлдарды азайту;
- салық есептілігін дайындау сапасын арттыру, салық есебін құрылымдау және автоматтандыру.
- талдамалық есептер конструкторын құру (оның ішінде уәкілетті орган үшін жиынтық есептерді қалыптастыру үшін);
- Комитет қызметкерлері үшін жиынтық есептерді құру үшін жасанды интеллектті қолдана отырып, жоғары деңгейлі талдау модулі;
- ішкі бақылау жүйесін және тәуекелдер жүйесін ашу.
МЖӘ жобасын іске асыру мерзімі: 2021 – 2031 жж.
Бюджеттен қаржыландыру талап етілмейді, инвестицияларды қайтару МЖӘ жобасын коммерцияландыру есебінен жүзеге асырылатын болады.
Комитет пен «Organization of Horizontal Monitoring Limited» жеке компаниясы арасында «Деңгейлес мониторинг платформасын енгізу» жобасы бойынша 2021 жылғы 25 қарашада МЖӘ шарты жасалды.
МЖӘ шарты Министрліктің Қазынашылық комитетінде тіркеліп, 2021 жылғы 30 қарашада № 2170184/21-01 заңды күшіне енді.