
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 10 қарашадағы №807 қаулысымен бекітілген 2021 жылға арналған республикалық бюджетті түзетуді іске асыру мақсатында «Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң кейбiр бұйрықтарына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрі бұйрығының жобасы әзірленді.
Жаңа бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) ашу бөлігінде жергілікті бюджеттік бағдарламалар бойынша республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің ұсыныстары бойынша өзгерістер енгізілді.
Бұйрық жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына 2021 жылы 11 қарашада орналастырылған (http://legalacts.egov.kz).
Бұйрық жобасын жария талқылауды өткізу мерзімі 2021 жылғы 25 қарашаға дейін.