«Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңдағы жаңа түзетулер туралы мемлекеттік органдарға және бизнеске айтып берілді.

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңдағы жаңа түзетулер туралы мемлекеттік органдарға және бизнеске айтып берілді.

Семинар жұмысына Қаржы министрлігінің қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдардың (Алматы қ., Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарының әкімдіктері), «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, қоғамдық ұйымдардың, бизнес-қауымдастықтардың өкілдері қатысты.
Қаржы министрлігі (МСӘД, МСАК, ІМАК) мемлекеттік сатып алуды орталықтандыру және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алуды заңнамалы түрде реттеуді көздейтін заң жобасын әзірледі.


Сонымен қатар, заң жобасы мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы жетілдіруге бағытталған бірқатар түзетулер енгізуді көздейді.


Бұдан басқа, Қаржы министрінің 2017 жылғы 15 маусымдағы №348 бұйрығымен Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына бірқатар тұжырымдамалы өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, олар ағымдағы жылғы 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді.


Атап айтқанда, Қағидаларға өзгерістер, бірінші кезеңде құрылыс саласында сатып алуға қатысушыларға талаптарды жеңілдетуге байланысты. Енді материалдық ресурстардың болуын сатып алу туралы құжаттармен  немесе бухгалтерлік құжаттармен растау талап етілмейді, тіркеуге жататын техниканың техпаспортын қоса берсе жеткілікті болады. 
Еңбек ресурстарына талаптар да ұқсас жеңілдетіледі, мұнда аттестатталған инженерлік-техникалық қызметкерлерді ғана растау керек. 
Қағидаларға осы өзгерістер өтінімдерді формалды және негізсіз кейінге қалдыру жағдайларын бірден бірнеше есеге қысқартады және бәсекелестікті арттырады.