«Құқық қорғау қызметтерінің тәуелсіз аудитін жүзеге асыру» тақырыбында онлайн кеңес өткізу туралы баспасөз релизі

«Құқық қорғау қызметтерінің тәуелсіз аудитін жүзеге асыру» тақырыбында онлайн кеңес өткізу туралы баспасөз релизі

2021 жылғы 26 қарашада Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарының қызметкерлерімен Zoom арқылы онлайн режимінде «Құқық қорғау қызметтеріне тәуелсіз аудитті жүзеге асыру» тақырыбында кездесу өткізді. Отырысқа Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің қызметкерлері де қатысты.

            Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бухгалтерлік есеп әдістемесі, аудит және бағалау департаментінің директоры А.Т.Бектұрова  2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңның 53-бабының нормаларын егжей-тегжейлі түсіндіріп, және жиынға қатысушыларды 2021 жылғы 5 қарашада
№ 1143 қабылданған «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, прокуратура органының тиісті талабы немесе сұрау салуы, сотқа дейінгі басталған тергеп-тексеру шеңберінде шығарылған тиісті қаулы, сондай-ақ соттың тиісті ұйғарымы бойынша тексеруге қатысу және қорытынды беру үшін кезектілік және өңірлік ұсынылу қағидаттарын сақтай отырып, аудиторлық ұйымдардың (аудиторлардың) тізбесін, сондай-ақ аудиторлық ұйымдардың (аудиторлардың) тізбесінен аудиторлық ұйымды (аудиторды) айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы туралы хабар етті.

            Кездесу барысында қатысушылар өз функцияларын жүзеге асыру кезінде аудит жүргізу үшін жеке аудиторлық компанияларға аутсорсинг беру тетігін одан әрі енгізу мәселелерін талқылады.