ТМД Атқару комитеті жанындағы бухгалтерлік есеп жөніндегі Үйлестіру кеңесінің XIV отырысы туралы баспасөз-релизі

ТМД Атқару комитеті жанындағы бухгалтерлік есеп жөніндегі Үйлестіру кеңесінің XIV отырысы туралы баспасөз-релизі

2017 жылғы 14-15 қыркүйекте Ыстықкөлдің Қара-Ой ауылында (Қырғыз Республикасы) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі өкілінің төрағалығымен  ТМД Атқару комитеті жанындағы бухгалтерлік есеп жөніндегі Үйлестіру кеңесінің (бұдан әрі - Үйлестіру кеңесі) XIV отырысы өткізіледі.

Жыл сайын бұл алаңда Үйлестіру кеңесінің мүшелері бухгалтерлік есеп пен аудиторлық қызметті реттеуді дамыту, сондай-ақ ХҚЕС және ХАС  қолдану бойынша тәжірибе алмасады.

Әлемдегі кәсіптің дамуындағы қазіргі үрдістер туралы біліп отырады.

Отырыста бухгалтерлік есеп пен аудит мәселелерін реттейтін Үйлестіру кеңесінің мүшелері - уәкілетті ТМД қатысушы мемлекеттің өкілдері жүз пайыз қатысуын қамтамасыз етілетінін атап өту қажет.

Отырысқа, сондай-ақ ТМД Атқару комитетінің, Еуразиялық экономикалық комиссияның, бухгалтерлер мен аудиторлардың, қоғамдық бірлестіктердің, білім беру мекемелерінің және аудиторлық ұйымдардың бірқатар кәсіби қауымдастықтарының (бірлестіктердің) өкілдері қатысты.

Сондай-ақ отырысқа бухгалтерлік есеп және аудит саласындағы келесі халықаралық ұйымдардың өкілдері:

- Крылова Т.Б. - Біріккен Ұлттар Ұйымының Сауда және даму жөніндегі конференциясының (бұдан әрі - ЮНКТАД) инвестиция және кәсіпкерлік бойынша  кәсіпкерлік бөлім Дивизиясының басшысы, «Есеп және есеп беруді дамыту бойынша ЮНКТАД бағдарламасы» тақырыбында баяндамасымен;

- Ша Али Хан - Аттестатталған бухгалтерлер қауымдастығының (ACCA) бақылаушы органдарымен қарым-қатынасты дамыту жөніндегі директоры,  «Бухгалтерлік есеп және аудит саласындағы негізгі халықаралық ұйымдардың қызметтерінің ағымдағы міндеттері туралы» баяндамасымен қатысты.

Қырғыз Республикасының Үкіметі жанындағы Қаржы нарығын реттеу және қадағалау жөніндегі мемлекеттік қызметінің төрағасы С.Т. Мұқанбетов ТМД Атқару комитетінің жанындағы бухгалтерлік есеп жөніндегі Үйлестіру кеңесінің мүшелеріне құттықтауын арнады.

Отырыс барысында бухгалтерлік есептің ұлттық жүйесін дамытумен,  оның ішінде ХҚЕС-ты қолдану тәжірибесін БҰҰ жүйесінің бухгалтерлік есеп және аудиторлық қызметі аясындағы мамандандырылған мекемелермен   және т.б. одан әрі кеңейту және тереңдету бойынша бірқатар мәселелерді қарастыру жоспарлануда.

Сондай-ақ, отырысқа қатысушылар Қазақстандағы қаржылық есептілік депозитарийінің жұмыс істеуіне үлкен қызығушылық танытты. Үйлестіру кеңесінің мүшелері өз елдерінде қаржылық есептілікті ҚЕД-не ұсынуда Қазақстанның тәжірибесін қолдануды жоспарлауда.