
Қазақстан Республикасы қаржы министрлігі және Қытай Халық Республикасының мемлекеттік салық әкімшілігі, ағымдағы жылдың маусым айында салық мәселелері бойынша өзара түсіністік пен ынтымақтастық меморандумына қол қойды.
Қаржы министрлігі басшысының айтуынша, құжат екі мемлекет арасындағы фискалды қызметтердің қарым-қатынасын нығайту мақсатындағы екі жақты келісімнің жаңа кезеңінің бастауы болып табылады.
«Екі мемлекет арасындағы салық әкімшілігі аясындағы ынтымақтастық, көптеген мәселелерді үйлестіріп, сонымен қатар, салық төлеуден бас тарту, қосарлы салық салу, капиталдарды оффшорлық аймақтарға шығару, интернет сауданы әкімшілендіру сияқты мәселелерді шешуге көмегін тигізеді.
Бүгінгі кездесудің қорытындысы Қазақстан Қаржы Академиясы мен ҚХР Мемлекеттік салық әкімшілігі арасындағы ынтымақтастығы туралы меморандумның қол қоюы болды
Бақыт Сұлтанов айтқандай бұл екі елгеде салықтық әкімшілендіру саласында тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.
Сондай – ақ, ҚХР фискалдық орган басшысымен ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Ардақ Теңгебаев кездесті.
Айта кететін болсақ, бұл екі елдің фискалды органдарының екінші кездесуі. Тараптар екі жақты келісім жолымен қол жеткізе алған мәселелер спектрінің кең ауқымын талқылаған бірінші кездесу мамыр айында Бейжінде өтті.
Ардақ Теңгебаев қытайлық әріптестеріне Қазақстандағы салықтық заңнамаға жаңа енгізілімдер, сонымен қатар өз ведомствасының соңғы үш жылдағы қол жеткізілген нәтижелері туралы айтты.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан – Қытай ынтымақтастық комитеті аясында салықтық ынтымақтастық бойынша кіші комитет, сонымен қатар «Бір белдеу – бір жол» бойындағы салықтық органдар елдері арасындағы ынтымақтастық механизмін құруға уәделесті. Оның үстіне қызметкерлер біліктілігін арттыру мәселесімен айналысу шешілді.