Жалпыұлттық жоспардың 2022 жылғы ақпанда іске асыру мерзімімен «Жергілікті бюджеттердің абаттандыру және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бағдарламаларында «халық катысатын» бюджетті бекіту процесінің ашықтығын арттырып, сондай-ақ әкімшілік-аумақтық бірліктердің басқа деңгейлеріне тарата отырып оңтайландыру» деген 60-тармағын іске асыру мәселесі бойынша өткізілген онлайн-кеңес туралы баспасөз релизі
Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі Д.Е.Жаналиновтың төрағалық етуімен әкімдердің орынбасарлары мен өңірлер мамандарының және ұлттық экономика, индустрия және инфрақұрылымдық даму, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі өкілдерінің қатысуымен бейнеконференцбайланыс режимінде кеңес өткізді.
Кеңестің мақсаты Жалпыұлттық жоспардың 60-тармағын іске асыру бойынша тәсілдерді талқылау, ол мынадай:
жергілікті бюджеттердің абаттандыру және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бағдарламаларына «халық қатысатын» бюджеттің ашықтығын арттыра отырып, бекіту процесін оңтайландыру;
«халық катысатын» бюджетті әкімшілік-аумақтық бірліктердің басқа деңгейлеріне тарату іс-шараларын қамтиды.
Өңірлер «халық катысатын бюджетті» іске асыру бойынша аймақтардағы қазіргі жағдайды атап өтті.
2019-2020 жылдары өңірлерде «халық катысатын бюджетті» іс жүзінде іске асыруды, сондай-ақ орталық мемлекеттік органдар тарапынан шешуді талап ететін туындайтын проблемалық мәселелерді ескере отырып, аймақтарда айтылған ұсыныстары егжей-тегжейлі қаралды.
Қаржы министрлігінің кеңеске қатысушылармен бірлескен жұмысы жалғасатын болады.