ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Халықаралық Валюталық Қордың өкілдерімен кездесті.

ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Халықаралық Валюталық Қордың  өкілдерімен  кездесті.

ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Халықаралық Валюталық Қордың Қазақстан бойынша миссияның басшысы Николя Бланше бастаған өкілдерімен астанада кездесті.

Кездесу барысында орта мерзімдік уақытта экономикалық перспективалар, 2021 жыл бойынша бюджеттің орындалуы, 2022 жылға арналған бюджет және орта мерзімдік перспективаға, кіріс және шығыс саласындағы шаралар, сондай-ақ бюджетті қаржыландыру саласында, мемлекеттік қаржыны басқару сұрақтары қозғалды.

Еске сала кетсек, Қазақстан Республикасының басшылығымен консультацияларды өткізу бойынша Жыл сайынғы ХВҚ миссясы ХВҚ Жарлығының IV-бабына сәйкес жүргізіледі.

 ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз орталығы