ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Қаржы министрлігінің 100 жылдығына орай ұйымдастырылған Қаржы министрлігі қызметкерлерінің спартакиадасының жеңімпаздары анықталды.

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Қаржы министрлігінің 100 жылдығына орай ұйымдастырылған Қаржы министрлігі қызметкерлерінің спартакиадасының жеңімпаздары анықталды.

Еске салайық, волейбол, футзал, үстел теннисі, жеңіл атлетика, шахмат және дойбы бойынша барлық ведомстволық бағыныстағы құрылымдар мен Орталық аппаратынан 8 команда қатысты.

Осылайша, футзалдан Қаржы министрлігі Орталық аппаратының спортшылары алға шықты.

Волейболдан «Проблемалық несиелер қоры» АҚ командасы көш бастады. 4х200 м эстафета мен дойбыдан да командаға тең келер ешкім болмады.

Шахматтан Мемлекеттік кірістер комитетінің командасы жеңіске жетті.

Үстел теннисінен Данияр Ахметов көш бастады.

100 метрге жүгіруде ерлер арасында Данияр Шаймерденов, қыздар арасында Айнұр Ишбанова алға шықты.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!