
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 16 қазандағы №1021 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қолданыстағы реттегіш құралдарын қайта қараудың 2021 жылға арналған жоспарына сәйкес бағалау қызметі саласында реттегіш құрал енгізілгеннен кейін реттеушілік әсерге талдау (бұдан әрі – РӘТ) жүргізу көзделген.
Осымен, 2021 жылғы 16 қарашада сағат 15:00-де бейнеконференцбайланыс арқылы бағалау қызметін реттеу мәселелері бойынша РӘТ нәтижелерін талқылау жөнінде дөңгелек үстел өткізу жоспарлануда.