ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың төрағалығымен өткен әдістемелік кеңес барысында резидент емес азаматтарға төленетін дивидендтерге салық салу мәселесі талқыланды.

ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың төрағалығымен өткен әдістемелік кеңес барысында резидент емес азаматтарға төленетін дивидендтерге салық салу мәселесі талқыланды.

Кеңес жұмысына Қаржы министрлігінің жетекшілігі және мүдделі құрылымдық бөлімшелері, сондай-ақ «Атамекен» ҰКП және «Қазақстандық шетелдік инвесторлар кеңесі» қауымдастығының өкілдері қатысты.

«Таза кіріс» терминін салыстыруға қатысты әртүрлі позициялар қарастырылды.

Кеңес мүшелері күн тәртібіндегі мәселе бойынша өз уәждерін айтты. Бұл фактілер түпкілікті шешім қабылдау кезінде ескерілетін болады.