Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің әкімшілік ғимаратының ашылу салтанатына қатысты.

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің әкімшілік ғимаратының ашылу салтанатына қатысты.

Еске сала кетейік, 2018 жылдың 19 маусымында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан облысы болып қайта аталып, оның әкімшілік орталығы Шымкент қаласынан Түркістанға көшірілді. Ал Шымкент шаһары республикалық маңызы бар қала мәртебесін алды. Сонымен, облыстық басқармалардың үздіксіз және тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ете отырып қысқа мерзімде Түркістан қаласына көшіру бойынша ауқымды жұмыс атқарылуы тиіс еді. Оның ішінде Қаржы министрлігінің бөлімшесі – Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті де бар еді. Е.Жамаубаев облыстағы МКД жаңа әкімшілік ғимаратының ашылуы Қаржы министрлігінің 100 жылдық мерейтойымен және Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен тұспа-тұс келгенін ерекше атап өтті. Е.Жамаубаев мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерін келе жатқан мереке – Қаржыгерлер күнімен құттықтап, ел бюджетінің кіріс көздерін қалыптастыру мәселелерін шешуде табыс тіледі.