«Шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің, оның ішінде жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу міндетті болып табылатын шығыстар түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 30 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрық жобасына баспасөз-релизі

«Шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің, оның ішінде жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу міндетті болып табылатын шығыстар түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 30 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрық жобасына баспасөз-релизі

Қаржы министрлігі мынадай ерекшеліктер бойынша қазынашылық органдарында тіркеуден алып тастауды көздейтін «Шығыстардың, оның ішінде жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу міндетті болып табылатын шығыстар түрлерінің экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 30 бұйрығына өзгерістр енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрі бұйрығының жобасын әзірледі:

-154 «Зерттеулер бойынша қызметтерге ақы төлеу» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі әкімшісі болып табылатын «Халықаралық ұйымдармен бірлесіп жүзеге асырылатын жобаларды зерттеулердің іске асырылуын қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасының «Республикалық бюджеттен грантты бірлесіп қаржыландыру есебінен» кіші бағдарламасы бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының Гендерлік теңдік және әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері жөніндегі құрылымы мен Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі арасында жасалған Бірлесіп қаржыландыру туралы келісім бойынша сомаларды аудару кезінде, өйткені осы Келісім оған тараптар қол қойған сәттен бастап күшіне енеді;

-159 «Өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу» «Қазақстан Республикасы мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы ынтымақтастық шеңберінде Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық жағдайына зерттеу жүргізуді қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасында жасалған Келісім бойынша, бюджеттік бағдарламалар әкімшісі Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) кіреді, әкімшісі Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі болып табылатын «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыруды дамытуға жәрдемдесу» бюджеттік бағдарламасының «Республикалық бюджеттен грантты бірлесіп қаржыландыру есебінен» және «Грант есебінен» кіші бағдарламалары бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстан Республикасындағы Даму Бағдарламасы мен Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі арасында жасалған Қаржыландыру туралы келісім бойынша сомаларды аудару кезінде.

Бұл Жоба http://legalacts.egov.kz ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталына 2021 жылғы 18 қазанда орналастырылған.

Жобаны жария талқылауды өткізу мерзімі – 2021 жылғы 1 қарашаға дейін.