
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 11 қазандағы №722 қаулысымен бекітілген 2021 жылға арналған республикалық бюджетті түзетуді іске асыру мақсатында «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрі бұйрығының жобасы әзірленді.
Жаңа бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) ашу бөлігінде жергілікті бюджеттік бағдарламалар бойынша республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің ұсыныстары бойынша өзгерістер енгізілді.
Бұйрық жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына 2021 жылы 11 қазанында орналастырылған (http://legalacts.egov.kz).
Бұйрық жобасын жария талқылауды өткізу мерзімі 2021 жылғы 25 қазанға дейін.