Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде аудит саласындағы әкімшілік ынтымақтастық туралы келісімнің жобасы бойынша баспасөз релизі

Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде аудит саласындағы әкімшілік ынтымақтастық туралы келісімнің жобасы бойынша  баспасөз релизі

2021 жылғы 21 қазанда Еуразиялық экономикалық одаққа (бұдан әрі – ЕАЭО) мүше мемлекеттер бейнеконференция режимінде Еуразиялық экономикалық одақ аумағында аудиторлық қызмет туралы Келісім жобасын (бұдан әрі – Келісім жобасы) іске асыру мақсатында әзірленген Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде аудит саласындағы әкімшілік ынтымақтастық туралы Келісім жобасы бойынша жұмыс тобының кезекті кеңесі өтті.

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 22 шешіміне сәйкес әзірленген Келісім жобасы бүгінгі күні мемлекетішілік рәсімдерден өтті және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің басшыларымен қол қоюға дайындалуда.

Отырысқа ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің мүдделі тараптары қатысты, онда құзыретті органдар арасында жедел ақпарат алмасу және тұтынушылардың, адал нарық субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін, сондай-ақ қоғамдық (мемлекеттік) мүдделерін қызмет көрсетушілермен бұзушылықтардың алдын алу тетігін құру мәселелері талқыланды.

Бірыңғай қызметтер нарығының жұмыс істей бастауы 2022 жылдан кешіктірілмей көзделетінін естеріңізге саламыз.