ҚР Қаржы министрі Е. Жамаубаев Венгрия Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі Михай Варгамен кездесті.

ҚР Қаржы министрі Е. Жамаубаев Венгрия Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі Михай Варгамен кездесті.

Кездесу барысында тараптар екі мемлекеттің арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы және перспективалары сөз етті.

Бұдан бөлек, министрліктер арасындағы мемлекеттік қаржыны басқару, бюджеттік жоспарлау және салық мәселелері бойынша экономикалық қатынасты дамыту жөнінде пікір алмасты.

Нәтижесінде Қазақстан мен Венгрия Қаржы министрліктері арасындағы ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.

Тараптар әрі қарай өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға уағдаласты.