
Іс -шара барысында ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев аллеяның ашылуы Қаржы министрлігінің мерейтойына арналған іс -шаралар легінің бастауы болғанын атап өтті.
Осылайша, жақын арада әр жылдары министрлікті басқарған тұлғалар туралы бірнеше жарияланымдарды ұсынатын боламыз. Сондай -ақ, соңғы 100 жылдағы қаржы -бюджет жүйесінің қалыптасуы мен дамуы туралы деректі фильмді жарыққа шығару жоспарда бар.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында үздік қызметкерлер қалыптасқан дәстүр бойынша «Қаржы саласының үздігі» медалімен, сондай-ақ бірқатар мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталатын болады.