
Заң жобасын таныстыру барысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев үш жылға арналған республикалық бюджет жобасы Мемлекет басшысының тапсырмаларын және «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының барлық міндеттемелерін қамтитынын айтты.
«Республикалық бюджет жобасының негізгі параметрлері теңгерімделген. Негізгі қаржылық құжат мемлекеттің халық алдындағы әлеуметтік міндеттемелерін мүлтіксіз орындауға, дағдарыс салдарына төтеп беріп, экономикалық өсуді қамтамасыз етуге, мемлекеттік қаржының орнықтылығын арттыруға мүмкіндік береді», - деді министр.