«Жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 31 қазандағы № 470 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрық жобасына БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

«Жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің  2014 жылғы 31 қазандағы № 470 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрық жобасына БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Жалпыұлттық жоспардың 59-тармағын іске асыру үшін «Жергілікті бюджеттердің жобаларын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 31 қазандағы № 470 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрі бұйрығының жобасы әзірленді.

Бұйрық жобасымен 07 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық» функционалдық тобы бойынша жоспарланатын қала бюджеті шығыстарының жылдық көлемінен тұрғындардың жобалық ұсыныстарын іске асыруға бағытталған шығыстардың ең төменгі көлемін ұлғайту бөлігінде жергілікті бюджеттердің жобаларын әзірлеу қағидаларына:

республикалық маңызы бар қаладағы аудан, астана үшін 5% - дан төмен емес (бұрын 0,5% болған);

облыстық маңызы бар қала үшін және (немесе) облыстық маңызы бар қаладағы аудан үшін кемінде 10 % (бұрын 1% болған) өзгерістер енгізілді.

Бұдан басқа, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 5-тармағына сәйкес келтіру мақсатында бұйрық жобасы бұйрықтың мәтіні бойынша заңнамалық актілердің күнін алып тастауды көздейді.

Бұйрық жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына 2021 жылы 27 қыркүйекте орналастырылған (http://legalacts.egov.kz).

Бұйрық жобасын жария талқылауды өткізу мерзімі 2021 жылғы 11 қазанға дейін.