Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрік Республикасының Үкіметі арасындағы ақпарат алмасуды ұйымдастыру және кедендік бақылау рәсімдерін оңайлату туралы келісімге қол қою туралы»
Баспасөз-релизі
«Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы»Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 30 мамырдағы № 54 Заңының 5 және 8-баптарының 2) тармақшаларына сәйкес «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрік Республикасының Үкіметі арасындағы ақпарат алмасуды ұйымдастыру және кедендік бақылау рәсімдерін оңайлату туралы келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 тамыздағы № 585 қаулысымен бекітілген Мемлекет шекараларындағы заңсыз сауда айналымына қарсы іс-қимылдың кешенді жоспарының 9-тармағы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 21 қыркүйектегі № 644 қаулысымен бекітілген көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралардың 2021-2023 жылдарға арналған Кешенді жоспарының 9-тармағы негізінде жүзеге асырылады.
Қаулы жобасы Тараптар мемлекеттерінің аумақтары арасында өткізілетін тауарлар мен көлік құралдары туралы ақпарат алмасуды жүзеге асыру, сондай-ақ Кедендік бақылау мен оның қауіпсіздігін оңайлату үшін және нәтижесінде сауда рәсімдерін оңайлату және тауар айналымының көлемін ұлғайту үшін жағдайлар жасау мерзімдерін қысқарту мақсатында әзірленді.
Қаулы жобасы2021 жылғы 30 қыркүйкте ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жария орналастырылған. (https://legalacts.egov.kz.). Қаулы жобасын жария талқылауды өткізу мерзімі 2021 жылғы 15 қазанға дейін.