ҚР Қаржы министрлігінің аппарат басшысы А.Бейсенбекұлы Атырау облысы бойынша МКД ұжымына жаңа басшыны таныстырды.

ҚР Қаржы министрлігінің аппарат басшысы А.Бейсенбекұлы Атырау облысы бойынша МКД ұжымына жаңа басшыны таныстырды.

ҚР Қаржы министрлігінің аппарат басшысы А.Бейсенбекұлы Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ұжымына жаңа басшыны таныстырды.

Бұл қызметке Нұралхан Көшеров тағайындалды.

Көшеров Нұралхан Оралбайұлы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, Қазақ гуманитарлық заң университеті, Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясын бітірген.

Салық органдарындағы еңбек жолын 2008 жылдан бастап, Мемлекеттік кірістер органдарында түрлі лауазымдарда қызмет атқарды. 2015-2018 жылдары Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

2018 жылдың қазан айынан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 29 қыркүйектегі бұйрығымен Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болып тағайындалды.