ҚР және РФ қаржы вице- министрлері Қаржы саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

ҚР және РФ қаржы вице- министрлері Қаржы саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Қаржы саласындағы ынтымақтастық, мемлекеттік қарызды басқару және басқа да бірқатар мәселелерді ҚР Қаржы вице-министрі Дәурен Кенбейл мен Ресей Федерациясы Қаржы министрінің орынбасары Тимур Максимов 2-ші Қазақстан-Ресей қаржылық диалогы барысында талқылады.

Мәскеуде өткен екіжақты кездесуде қаржы нарығы мен қызмет процестері талқыланды.
Тараптар бірлескен жұмысты дамытуға және екіжақты серіктестікті жалғастыруға келісті.
Сондай -ақ, Қазақстан Республикасының делегациясы Еуразиялық тұрақтандыру және даму қорына қатысушы елдердің қаржы министрлері орынбасарларының стратегиялық сессиясына қатысты.

Сессия барысында Қордың даму стратегиясы таныстырылды.

Тараптар кең ауқымды мәселелер бойынша қаржылық диалогты жалғастыруға ынталы екендерін жеткізді.
Үшінші кездесуді 2022 жылы Қазақстанда өткізу жоспарланған. Келесі кездесуде Ресей мен Қазақстанның бюджеттік жүйелерінің тұрақтылығы мен тепе -теңдік принциптері сынды тақырыптарды талқыға салу ұсынылды.

@qarjyminkz