Биыл Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30-жылдығымен Қаржы министрлігінің тұтас жүйе болып қалыптасуының 100 жылдық мерейтойы тұспа-тұс келіп отыр.

Биыл Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30-жылдығымен Қаржы министрлігінің тұтас жүйе болып қалыптасуының 100 жылдық мерейтойы тұспа-тұс келіп отыр.

Бүгіннен бастап еліміздің қаржы саласының дамуы туралы ақпараттар тізбегін жариялайтын боламыз. 

 

Республиканың қаржы органдарының қызметін ұйымдастырудың негізгі құжаттарының бірі РКФСР Халық Комиссарлар Кеңесінің 1921 жылғы «Кірістер мен шығыстардың қаржылық сметасын құру, қарау, бекіту және орындау тәртібі туралы» Қазақ АКСР қаулысының қабылдануы болды.  Онда республиканың әлі толық күшіне енбеген қаржылық органы басшылыққа алуы тиіс принциптер көрсетілген.

 

Сол жылы ҚСРО Қаржы халық Комиссариаты туралы ереже бекітілді, оған сәйкес Қаржы халық комиссариатының құрылымы, қызметі, кадрлық және басқа да мәселелері нақтыланды.

 

Бүкілқазақтық Кеңестердің бірінші съезінің қарарында Қаржы халық комиссариатына берілген жеке нұсқаулар ерекше орын алады, бұл жүйенің тұтастай дамуы мен қаржылық органдарға ғана емес, сонымен қатар басқа да басқару органдарына қойылған міндеттерді шешуді қарастырады.

 

Тұтастай алғанда, 1921 жылы Қаржы Халық Комиссариаты орталық аппаратының тұрақты штабы құрылды. Дәл осы кезден бастап департаменттердің қызметін басқару Қаржы Халық Комиссариатына тиесілі болды.

 

Жалғасы бар.