«Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрық жобасына баспасөз-релизі

«Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы  Қаржы министрінің бұйрық жобасына баспасөз-релизі

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 30 қарашадағы №112-VІ ҚРЗ Заңымен Бюджет кодексіне толықтырулар енгізілді (3, 60, 61-1, 74, 75-баптар), онда республикалық бюджет бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті – 2020 жылдан, жергілікті бюджет бойынша – 2023 жылдан бастап қалыптастыру рәсімдері айқындалған.
Бюджет кодексі 61-1-бабының 3-тармағына сәйкес облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілік мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жасалады.
Бюджет кодексінің 61-1 және 75-баптарына сәйкес 2023 жылдан бастап облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілік облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті туралы мәслихат шешімі жобасының құрамында ұсынылады.
Осыған орай, Бюджет кодексі 61-1-бабының 3-тармағын іске асыру мақсатында, Қаржы министрлігі «Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрық жобасын әзірледі.
Осы Жоба http://legalacts.egov.kz ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына 2021 жылғы 31 тамызда орналастырылды.
Жобаны жария талқылауды өткізу мерзімі – 2021 жылғы 14 қыркүйекке дейін.