
"Қазіргі таңда Есеп комитеті белсенді әрі тиімді мемлекеттік аудит институты ретінде қалыптасып қана қоймай, маңызды жалпыұлттық міндеттерді шешудің басты буынына айналды", - деді министр.
Ол, сондай-ақ Есеп комитеті алдағы уақытта да Қазақстанның қаржылық тұрақтылығын нығайтуға елеулі үлес қосатынына сенім білдіріп, Қаржы министрлігі де мемлекет қазынасын тиімді пайдалану ісіндегі Есеп комитетінің бастамаларын барынша қолдауға дайын екенін жеткізді.