«Қаржылық есептілік аудиті» рәсімдік стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 272 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығының жобасына баспасөз-релизі

Қаржы министрлігі «Қаржылық есептілік аудиті» рәсімдік стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 272 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығының жобасын әзірледі.

Осы бұйрық жобасында мыналар көзделген:

бухгалтерлік баланстың әрбір жолы бойынша мәнділік шегін айқындау;

ақпараттың айтарлықтай бұрмалану тәуекелі жоғары компоненттерді анықтау бөлігінде ISSAI 1300 халықаралық аудит стандартына сәйкес келтіру;

ISSAI 1315 сәйкес «ақылға қонымды қорытындылар» және ХАС 200 сәйкес «тәуекелді бағалау рәсімдері» жаңа  ұғымдарын енгізу.