2021 жылғы 27 шілдеде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бейнеконференцбайланыс режимінде аудиторлық қызмет бойынша кәсіби кеңес құру және жұмыс істеу мәселесі бойынша кеңес өткізді.
Кәсіби кеңес мекемесін құру осы жылдың шілде айында күшіне енген аудиторлық қызмет туралы Заңмен қарастырылған.
Қаржы министрлігі реттеуші ретінде қадағалау органының дұрыс жұмыс істеуіне мүдделі.
Осылайша, аудиторлық қызмет жөніндегі Кәсіби кеңесті Осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап үш ай ішінде кәсіби аудиторлық ұйымдар құрады.
Бүгінгі таңда Қазақстанда 7 кәсіби аудиторлық ұйым жұмыс істейді.
Отырысқа барлық мүдделі тұлғалар, соның ішінде «Астана» халықаралық қаржы орталығы, «Қазақстан қор биржасы» АҚ, Кәсіби аудиторлық ұйымдар қатысты.
Отырыс барысында бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаментінің директоры А. Бектурова аталған органды құру және тіркеу бойынша барлық аудиторлық қоғамдастықпен келісілген пікірдің қажеттілігі туралы атап өтті.
Отырысқа қатысушылардың талқылау нәтижелері бойынша аудитті қадағалауды құру және оның жұмыс істеу рәсімдері бойынша одан әрі конструктивті диалог қажеттігі қолдау тапты.