Мемлекеттік аудиторлар «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша ақшаны ысырап қылғанын анықтады

Мемлекеттік аудиторлар «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша ақшаны ысырап қылғанын анықтады

 

 Областық Ішкі мемлекеттік аудит департаменті қызметкерлері «Қарқаралы ауданының ТҮКШ, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, тұрғын үй инспекциясы» ММ мен «ПАРСЕК» ЖШС басшылығына орындалған жұмыстың құнын негізсіз 313,7 млн. теңге сомасында арттыру фактісін орнатты.
          Сонымен қатар, бақылау тексерісі көрсеткендей ТҮКШ шенеуніктері ЖШС – мен келісе отырып жөндеу жұмыстарының құнын  61,2 млн.теңге сомасына арттырып жіберген.   Аталған бюджеттік қаражаттар «Нұрлы Жер» бағдарламасының аясында бөлінгенін атап өту қажет.   
          Аралық аудит материалдары процессуалдық шешім қабылдау үшін Қарағанды облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Департаментіне жолданды және жолданған аудит материалдары бойынша ҚР ҚК «Ірi мөлшерде сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу» бабы бойынша қылмыстың іс қозғалды. 
Егерде, аталған Бөлім мен «ПАРСЕК» ЖШС басшылығының кінәсі мойындалса, олардың мүлкi тәркiленiп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып немесе онсыз, жеті жылдан он екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы күтілуде.