Қаржыминде мемлекеттік органның қызметінің тиімділігін арттырудағы ішкі аудиттің рөлін талқылады

Қаржыминде мемлекеттік органның қызметінің тиімділігін арттырудағы ішкі аудиттің рөлін талқылады

   Дөңгелек үстелде ағымды жылы басқару процесстерінің нәтижелілігін арттыру үшін ішкі аудит қызметтерінің 2016 жылға алға қойған қызметтің тиімділігін бағалау нәтижелері мен  міндеттері талқыланды. 
     Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы Аниятолла Сарсенов атап өткендей, ішкі мемлекеттік аудиттің басты міндеті өзінің мемлекеттік органына алға қойған мақсаттарына жету мен бюджеттік және басқа да заңнамалардың бұзушылықтарының тәуекелдерін болдырмауға жәрдемдесу болып табылады.
     Бюджеттік бағдарламалардың нәтижелігінің көрсеткіштеріне қол жеткізбеу себептері мен оларды шеттету жолдар туралы «Экономикалық зерттеу институты» АҚ Мемлекеттік органдардың қызметінің тиімділігін бағалау орталығының Бюджеттік қаражаттарды басқаруды бағалау секторының меңгерушісі Г.Тасеменова баяндады. 
Сондай-ақ, ішкі аудит қызметтері өздерінің жұмыстарында кездестіретін, негізінен, ішкі аудитті жүргізу әдістемесін жетілдірудің қажеттілігі туралы мәселелер талқыланды.