Конкурсты өткізу туралы хабарландыру

Конкурсты өткізу туралы хабарландыру

Конкурсты өткізу туралы хабарландыру

 

010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 8, 4-кіреберіс мекенжайы бойынша орналасқан Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі (жұмыс органы) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 8 мамырдағы № 474 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы сыртқы аудитiн жүргiзу үшiн аудиторлық ұйымды таңдау қағидаларына сәйкес 2021-2022 жылдарға Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізу үшін аудиторлық ұйымды таңдау бойынша конкурс өткізу туралы хабарлайды.

Сыртқы аудит жүргізу және аудиторлық қорытындыны ұсыну мерзімі 2021 жыл үшін 2022 жылғы 1 наурызға дейін және 2022 жыл үшін 2023 жылғы 1 наурызға дейін.

Конкурстық құжаттама пакетін мына мекенжай бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 8, 4-кіреберіс, 204-кабинет сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін қолма-қол алуға болады.

Конверттерге салынған конкурстық өтінімдерді әлеуетті аудиторлар Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 8, 4-кіреберіс, 204-кабинет мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджеттік кредиттеу, Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры және қаржы секторы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл департаментіне ұсынады.

Конкурсқа қатысуға Қазақстан Республикасында аудит жүргізуге лицензиясы және қаржы институттарына аудиторлық қызмет көрсету саласында кемінде бес жыл жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар жіберіледі.

Конкурсқа қатысушы мынадай біліктілік талаптарына сай болуға тиіс:

1) кәсіби біліктілігінің болуы, сыртқы аудит жүргізу туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажетті қаржылық, материалдық және еңбек ресурстарының болуы;

2) сыртқы аудит жүргізу туралы шарт жасасу үшін азаматтық құқық қабілетінің болуы;

3) төлеуге қабілетті болып табылуы, таратуға жатпауы, оның мүлкіне тыйым салынбаған болуы тиіс, оның қаржылық-шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте тоқтатыла тұрылған болуы тиіс.

Конкурсқа қатысушы дайындаған конкурстық өтінім, сондай-ақ барлық конкурстық өтінімге хат-хабарлар мен құжаттар мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалады және ұсынылады. Конкурсқа қатысушы конкурстық өтінімді басқа тілде жасаған және ұсынған жағдайда оған дәл (нотариалды куәландырылған) аударма қоса беріледі. Конкурсқа қатысушы аудит жүргізу көрсетілетін қызмет құнының жалпы мәлімделген сомасының бес пайызы мөлшерінде ақшалай кепіл түрінде кепілдік жарна төлеуге міндетті.

Кепілдік жарна конкурстық өтінімді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің шотына мынадай деректемелер бойынша аударылады: «Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі» РММ, БСН 201040000013, БСК KKMFKZ2A, № KZ380705012170001001 банктік шотына, «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті» РММ аударылады. Кепілдік жарнаның қолданылу мерзімі конкурстық өтінімнің қолданылу мерзімінен кем емес.

Осы конкурстың жеңімпазы деп танылған конкурсқа қатысушы Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының сыртқы аудитін жүргізуге Шартты қамтамасыз ету түрінде Шарттың жалпы сомасының бес пайызы мөлшерінде ақшалай кепілді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің шотына енгізеді.

Шартты орындауды қамтамасыз ету түрінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің шотына конкурс жеңімпазы енгізген ақшаны қайтару конкурс жеңімпазы Шарт бойынша өз міндеттемелерін толық және тиісінше орындаған жағдайда ғана жүргізіледі.

Егер конкурс жеңімпазы Шарт бойынша өзі міндеттемелерін орындамаса немесе тиісінше орындамаса, онда Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес енгізілген Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді ұстап қалады.

Конкурстық өтiнiмдердi ұсынудың соңғы мерзiмi конкурс өткізілуі туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешікпейтін етіп белгіленген.

Конкурстық өтінім конкурстық өтінімдері бар конверттер ашылған күннен бастап 45 күн жарамды болады.

Конкурстық өтінімдері бар конверттер Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 8, 4-кіреберіс мекенжайы бойынша ашылатын болады. Күні, уақыты, кабинеті қатысушыларға қосымша хабарланатын болады.

Конкурс өткізу және оған байланысты құжаттар мен материалдарды ресімдеу бойынша қосымша ақпарат, түсіндірулер үшін Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 8, 4-кіреберіс, 204-кабинет мекенжайы бойынша 749623, 750217, +7 777 1180550 телефондары арқылы, сонымен қатар электрондық мекенжайы: a.bushmukhambetova@minfin.gov.kz, bush.ainura@gmail.com.  жүгінуге болады.