
Семинарда жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджетін және коммуналдық меншігін енгізу, сондай-ақ 2018 жылғы 1 қаңтардан басталатын құрылыс бойынша мемлекеттік сатып алуға қазынашылық сүйемелдеу мәселелері қарастырылды.
Жергілікті өзін-өзі басқарудың IV-деңгейдегі бюджеті 2 кезеңде іске асырылады: бірінші кезеңі 2018 жылдан бастап - халқы 2000 адамнан артық санымен, екінші кезеңі 2020 жылдан бастап – барлық жерде. Аудандық маңызы бар қалалар, селолық округтер, селолар, кенттер бюджеттерінің жалпы саны 2441-ді құрайтын болады. Осылайша, қазынашылық органдарында атқарылатын жұмыстар өте көп.
2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қазынашылықтың ақпараттық жүйелері жергілікті өзін – өзі басқару органдарының қаржылық құжаттарын қабылдау және өңдеуге дайын болады. Қазынашылықтың біріктірілген ақпараттық жүйесіне толықтырулар жүргізіліп, сонымен қатар «Қазынашылық-Клиент» біріктірілген ақпараттық жүйесінің барлық бизнес – процесстері қайта пысықталды, сондай-ақ, Қазынашылық ақпараттық жүйелерін сыртқы ақпараттық жүйелерімен (Бірегейлендірілген орталықтандырылған жеке шоттары» АЖ (БОЖШ АЖ), Е-Қаржымині, Электрондық мемлекеттік сатып алу Автоматтандырылған интеграцияланған ақпараттық жүйесі (ЭМС АИАЖ), Құқық қорғау және арнайы органдарының ақпараттық алмасу жүйесі (ҚАО ААЖ) ықпалдастыру бойыншада кешенді тестілеулер өткізілуде.
Жергілікті өзін-өзі басқарудың IV-деңгейдегі бюджетке ауыртпалықсыз өту мақсатында, аумақтық қазынашылықтың органдарымен 4-ші деңгейдегі бюджеттің мамандарына «Қазынашылық-Клиент» АЖ-да жұмыс істеу үшін оқыту тұрақты өткізіліп отыр.
Семинарда жергілікті өзін-өзі басқару бюджетінің IV деңгейін енгізу процессі егжей-тегжейлі талқыланып, қазынашылық жүйесін әрі қарай дамыту және Қаржы министрлігінің 2017-2020 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарын іске асыру перспективалары талқыланды.