Құрметті әріптестер! Мемлекеттік қызметші күнімен Сіздерді шын жүректен құттықтаймын!

Құрметті әріптестер! Мемлекеттік қызметші күнімен Сіздерді шын жүректен құттықтаймын!

Мемлекеттің күші — оның қызметшілерінде, олардың елді көтеру қабілеті мен оны заманауи, табысты және қауіпсіз ету тілегінде.

Сондықтан білім мен тәжірибенің сабақтастығы, қайсарлық пен патриотизм, кәсіби және жеке бас қасиеттерінің сапасын арттыруға деген ұмтылыс сияқты ұғымдар жаңа тұрпаттағы мемлекеттік қызметшілердің негізгі белгілері болуға тиіс.

Біздің әрқайсымыз Халыққа қызмет ету - оңай жұмыс емес екенін түсінеміз, елдің даму дәрежесі мен әл-ауқатының деңгейі әрқайсымыздың үлесімізге байланысты екенін есте сақтау - үлкен жауапкершілік.

Сіздерге және отбасы мүшелеріңізге зор денсаулық, амандық және барлық бастамаларыңызға табыс тілеймін.

Мереке құтты болсын!

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
Аппарат басшысы А. Бейсенбекұлы