Қаржы министрлігінің қазынашылық жүйесіндегі кадрлық өзгерістер

Қаржы министрлігінің қазынашылық жүйесіндегі кадрлық өзгерістер

ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті төрағасының орынбасары лауазымына Байгенжина Әлия Құрманқызы тағайындалды.

Қаржы министрі Б.Сұлтановтың 2018 жылғы 12 қаңтардағы тағайындау бұйрығына қол қойылды.

Ә.Қ. Байгенжина 1977 жылы 5 мамырда дүниеге келген.

1998 жылы Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін «инженер-экономист» мамандығы бойынша тамамдаған. 2010 жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі дәрежесін алды.

Еңбек жолын 1998 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Бюджет департаменті Материалдық өндіріс басқармасы Өнеркәсіп, инвестициялар және табиғи ресурстар бөлімінің экономисті лауазымынан бастап, ары қарай 1998-2001 жылдар аралығында келесі қызметтерді атқарумен жалғастырды:

ҚР Қаржы министрлігі Бюджет департаменті Материалдық өндіріс басқармасы Өнеркәсіп және құрылыс бөлімінің бас экономисті.

2001 жылы ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік органдарды қаржыландыру департаменті Өнеркәсіп, құрылыс, көлік және коммуникациялар басқармасы Өнеркәсіп және құрылыс бөлімінің бастығы болып тағайындалды.

2002 жылы ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік органдарды қаржыландыру департаменті Өнеркәсіп, инфрақұрылыс, ауыл шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау басқармасы Өнеркәсіп, құрылыс және энергожабдықтау бөлімінің бастығы;

2003 жылы ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Салалық органдардың шығыстарын  қаржыландыру департаменті Өнеркәсіп, құрылыс, көлік және коммуникациялар басқармасы бастығының орынбасары лауазымына тағйындалды.

2004-2005 жылдар аралығында "Ұлттық инновациялық қор" АҚ Стратегиялық жоспарлау және сыртқы байланыстар орталығының және "Ұлттық инновациялық қор" АҚ Корпоративтік даму департаментінің директоры болып жұмыс істеді.

2006 жылы мемлекеттік қызметке қайта оралып, ҚР Қаржы министрлігі Талдау және мемлекеттік бюджетті атқару әдіснамасы департаменті директорының орынбасары лауазымына тағайындалды.

Қазақстан Республикасы Қаржы  министрлігі Қазынашылық комитеті төрағасының оынбасары лауазымына тағайындалғанға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы  министрлігінің Бюджеттік жоспарлау және Ішкі әкімшілендіру департаменттерін басқарған.

2001 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы  министрінің Алғыс хатымен, 2003 жылы Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің Алғыс хатымен, 2014 жылы Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен, 2014 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы  министрінің Құрмет грамотасымен, сондай-ақ, 2016 жылы «Қаржы қызметінің үздігі» кеуде белгісімен, 2016 жылы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл" мерейтойлық медальмен марапатталған.